Астана тұрғыны кіреберіс есігін жұлып алғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
245

Астанада тұрғын үйдің кіреберіс есігін жұлып алған ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мұндай шешімді Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың анықтауынша, оқиға көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Ер адам қасақана күш қолданып, кіреберіс есігін жұлып алып, оған зақым келтірген. Сот оның бұл әрекеті айналасындағыларға деген ашық құрметсіздікті білдіріп, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзды деген қорытындыға келді.

Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың қасақана жасалғанын, сондай-ақ әрекеттің басқа тұрғындардың, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың көзінше орын алғанын ескерді. Соттың пікірінше, бұл қоғамдық тәртіпке және бөтеннің мүлкіне деген айқын құрметсіздікті көрсетеді.

Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...