Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып кетті

Фото: ҚТЖ

ЖАҢАЛЫҚТАР
971

Ақмола облысында теміржолда төтенше жағдай болып, 8 вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 6 қарашада Ақмола облысындағы Макинка станциясына қарасты «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында 12 вагон жолдан шығып, олардың сегізі ұстап қалу тұйығында аударылған.

Маневрлік жұмыстарға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері болып шықты.

Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың қозғалысында кідірістер бар.

«Оқиғаның салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың апаттық және қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Вагондардың жолдан шығу себептері тексерілуде», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...