Биылғы «Оскар» сыйлығы кімдерге бұйырды?

ЖАҢАЛЫҚТАР
2771

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. ҚазАқпараттың жазуынша, 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды.

Алғашқы марапатталғандар:

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирланд тілінде қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм –«Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий -«Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс- «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән- үндістандық RRRфильміндегі «Naatu Naatu» әні.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...