Астанада автобус жол жиегінен шығып кетіп, апатқа ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1630

Астанада автобус жол жиегінен шығып кетіп, 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Астанада автобус апатқа ұшырады. Қала полициясының хабарлауынша, Mercedes маркалы қызметтік автобус Қабанбай батыр даңғылы бойында жол жиегінен шығып кеткен.

Полиция автобус жүргізушісі бұрылып жатқан кезде көлік рөліне ие бола алмай қалғанын мәлімдеді. Қаза тапқандар жоқ.

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен басталып, бүгін шешуші кезеңдер өтті...