Астанада баланы қараусыз қалған аулаға сүйреп бара жатқан ер адам ұсталды

Коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
849

Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты оқиғадан кейін полиция 56 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз адам баланы күштеп ұстап алып, қараусыз қалған ауланың жағына сүйреп әкетпек болған, алайда өтіп бара жатқан адамдар баланы арашалап үлгерген.

Оқиға 5 маусым күні елорданың Алматы ауданында, №13 орта мектептің маңында болған. Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады.

Жарияланым авторының сөзінше, ер адам шамамен 9–11 жастағы баланы ұстап алып, ескі дөңгелектер жатқан қараусыз қалған ауланың ішіне қарай сүйреп әкеткен. Мұны байқаған өтіп бара жатқан адамдар араласып, балаға көмектесіп, полиция шақырған.

Астана қаласының Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

«Аталған факті бойынша 56 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Тексеру нәтижелері бойынша ер адамның әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі», — деп атап өтті Полиция департаменті.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...