Биыл Көкшетаудың жеті ақыны «Алдаспан» сериясымен жеке жыр жинақтарын шығарып жатыр. Осы...
Марқұм Шерзаттың әкесінің үстінен іс қозғалды ма?
Фото: ашық дереккөзден
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оның айтуынша, Талғардағы кісі өлтіру бабы бойынша тергеу Бас прокуратураның тұрақты бақылауында. Ұсталғандарға бірқатар айып тағылған.
– Мен бір нәрсені айта аламын: әкесіне қатысты қылмыстық іс жоқ. Өртеуге қатысты іс тергелуде, сараптама тағайындалды. Жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді ол.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың хабарлауынша, Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық кодекстің:
- 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру)
- 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық)
- 115-бабы (қорқыту)
- 432-бабы (қылмысты жасырып қалу)
- 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатқанын хабарлаған еді.
Тергеу барысын министрдің өзі жеке бақылауына алған. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.