Марқұм фельдшердің жұбайы тағы да жантебірентерлік жазба жариялап, елді жылатты

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1713

Астанада тұрғынүйдің қас беті құлап, зардап шеккендерге көмекке барған фельдшер де ауыр жарақат алды. Ол ауруханада өмірмен 10 күн күресім, көз жұмды. Марқұмның күйеуі Әділет Ғанибекұлы әлеуметтік желіде келіншегін тағы да есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

– Менің жұбайым жай ғана батыр емес еді. 

Ол – менің ғаламым, бауырлары мен сіңлілеріне тірек, ата-анасына мақтаныш пен қуаныш, айналасындағы адамдарға шынайы бақыт болды. 

Ол – біздің үйіміздің жылуы, нұры, жүрегі еді. 

Өкінішке қарай, оның өмірі үзілді... Бірақ оның жарығы сөнген жоқ. 

Ол – құтқарып қалған жандардың жүрегінде, еске алып, сағынышпен дұға еткендердің жүрегінде мәңгілікке сақталады. 

Ол – өзінен кейін өшпейтін із қалдырды, жарының, отбасының, жақындарының, оны таныған әр жанның жүрегінде. 

Сен әрқашан жүрегіміздесің, жаным... – деп жазды Әділет Ғанибекұлы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...