Танымал “Әзіл әлемі” театрының актері Арман Жаналиев келіншегіне қымбат көлік мінгізді,...
Астанада бұрынғы сүйіктісін аңдыған ер адамға сот үкімі шықты
ашық дереккөз
Астанада бұрынғы сүйіктісін ұзақ уақыт бойы бақылап, қорқытып келген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Прокуратураның деректеріне сәйкес, бұл жағдай 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың ақпаны аралығында орын алған. Осы кезеңде сотталған азамат жәбірленушіге 150-ден астам рет телефон шалып, балағат сөздер жазылған хабарламалар жолдаған. Бұдан бөлек, ол қыз жұмыс істейтін сұлулық салонына бірнеше мәрте барып, жанжал туғызған.
Тергеу кезінде ер адамның жәбірленушінің жұмыс орнында мүлікке зиян келтіріп, өзіне және отбасы мүшелеріне қауіп төндіретін сөздер айтқаны белгілі болды. Осы әрекеттерден кейін жәбірленуші үнемі үрейде жүрген.
Сот шешімі бойынша айыпталушыға 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы белгіленді. Сонымен қатар оған жәбірленушіні іздеуге, аңдуға және қандай да бір байланыс орнатуға тыйым салатын арнайы шектеулер қойылды.
Одан бөлек, сот үкімімен ер адамнан 542 мың теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Оның 392 мың теңгесі материалдық шығынды өтеуге, ал 150 мың теңгесі моральдық зиянды өтеуге бағытталған.