Ыстамбұлда 42 жастағы Түркия азаматын 28 жастағы өзбекстандық әйелі өлтіріп алды, деп хабарлайды MAD...
4 жасөспірім терроризм туралы жалған хабарлама үшін ұсталды
Фото: freepik
14 пен 17 жас аралығындағы төрт кәмелетке толмаған жасөспірім терроризм туралы жалған хабар таратып, ұзақ уақыт бойы республика аумағындағы жағдайды тұрақсыздандырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай жасөспірімдердің ұсталғанын мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда олардың Астана, Шымкент, Тараз, Атырау, Ақтау қалаларында және Алматы облысында жалған хабар туралы 20-дан астам дерекке қатысы бары анықталды. Қылмыстық істерді тергеу жалғасуда және қатаң бақылауда. Осы орайда ата-аналарға ескерту жасағым келеді. Сваттинг — ермек емес, ол 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ауыр қылмыс. Бұл үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл (21 миллион 625 мың теңге) көзделген», — деді ол.
Оның айтуынша, сонымен қатар оқиға орнына босқа әуре болып барған жедел қызметтердің шығындарын өтеу де қарастырылған. Оның ішінде полиция, өрт сөндіру қызметі және жедел жәрдем бар.