Астанада кей көшелер жабылып, әскери ұшақтар ұшырылады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1795

Халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғаға байланысты Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жариялады.

 Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі мен оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

«Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген. Сонымен қатар, 27 қарашада Астана қаласы аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кеңейтілген кездесуде Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланғанын мәлім еткен.

Ал 28 қарашада Астанада ҰҚШҰ елдері сыртқы істер, қорғаныс министрлерінің, қауіпсіздің кеңесі хатшыларының отырысы және қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтед деп жоспарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...