Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген төрт баланың анасы білдіртпей есірткі жарнамалаған

Вилеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
3127

Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астананың көшесінде есірткіні жарнамалайтын 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды. Ол QR-кодтары бар стикерлер таратқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Деректерге сүйенсек, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабытырған.

Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...