ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

Фото: aikyn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1916

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұған дейін аталған білім беру орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында 140 балл жинаған түлекке пәтер берілетіндігін мәлімдеген екен. Сол орталықта білім алған Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, енді оқу орталығы оған пәтердің сертификатын табыстаған.

Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан алынады. 

Сонымен қатар, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа  бағалы сыйлықтар тарту етілген.

Бүған дейін біз Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинаған оқушы белгілі болды деп жазған болатынбыз. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...