Астанада тіс емханасында жас жігіт көз жұмды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
23

Астанадағы жеке клиникалардың бірінде қайғылы жағдай болды. Тіс емдетуге келген жас жігіт дәрігер салған екпеден кейін жан тапсырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өлімге медициналық қателік себеп болуы мүмкін.

«Стоматолог досыма аллергиялық сынама жасамай, бірден дәріні енгізген», — деп жазды марқұмның танысы Әсел Айжанова.

Екпеден кейін Мұрат есімді азаматтың денесі құрысып, жағдайы күрт нашарлаған. Соған қарамастан, оған дәрі қайта егілген. Осы екінші инъекциядан кейін 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Астана қалалық Полиция департаменті елорда тұрғынының стоматологиялық орталықта қайтыс болғанын растап, ресми тергеу амалдарын бастады.

 «20 жастағы қала тұрғынының өліміне байланысты Астана қалалық ПД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс аясында дәрігерлердің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. 

PESTEL

АҚШ Сенатындағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер Х әлеуметтік желісінде Дональд Трамптың Конгре...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске ресми хат жолдап, Иранға қарсы соғыс қимылдарының тоқтатылған...