Астанада тұңғыш рет AI Film фестивалі өткізіледі

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
546

Президент «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумында сөз сөйледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Бұл бағытта көптеген бастаманы қолға алып жатырмыз.   Биыл тамызда елімізде ЮНЕСКО-ның қолдауымен жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді. Аталған білім додасына 100 елден келетін оқушылар мен студенттер қатыспақ.   Бұған қоса, елімізде «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары», «Болашақ ойындары» сияқты бірегей жобалар кеңінен дәріптелуде. Сондай-ақ осы жылы күзде Астанада тұңғыш рет AI Film фестивалі өткізілмек.   Біз жаңа цифрлық және көлік дәліздерін, мәліметтерді сақтау орталықтарын ашу үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол арқылы Ұлы Жібек жолын жаңаша сипатта жаңғыртып, көне ғасырлардағы әйгілі кітапханалардың заманауи нұсқасын ұсынуға мүмкіндік туады.   Бұл, шын мәнінде, дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан озық заманның көрінісі болмақ», - деді Мемлекет басшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзіне...