«Қазақстанымды аман сақтай гөр»: бельгиялық Жәнібек жүрекжарды жазба жариялады

әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
410

Бельгиялық Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан халқына арнап әсерлі жазба жариялап, елдің амандығы мен отбасылардың қауышуын тіледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол оқырмандарын «отбасым» деп атап, Қазақстанға арнаған дұғасымен бөлісті.

«Қымбатты, отбасым! Сендер менің отбасымсыңдар. Бүгінгі дұғам… Уа, Алла! Қазақстанымды және барша халқымды аман сақтай гөр. Әр шаңыраққа береке, жүректерге тыныштық, елімізге бірлік пен бейбітшілік сыйлай гөр», – деп жазды Жәнібек.

Сондай-ақ ол баласын сағынған ата-ана мен ата-анасын сағынған балалардың бір-біріне қауышуын тілеп, жақынын іздеп жүрген жандарға үміт пен сабыр тіледі.

«Жоғалтқанын іздеп жүрген әрбір жанға үміт, сабыр және қайта қауышу бақытын нәсіп ет. Баршамызға денсаулық, мейірім мен күш-қуат бере гөр», – деп түйіндеді бельгиялық Жәнібек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 26 қазанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істеме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында бір жасар баланың өңешіне сырға тұрып қалған. Дәрігерлер бөгде затты арнайы меди...