Астанадағы LRT станциясында өрт шықты

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
873

Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) станцияларының бірінде өрт орын алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, төтенше жағдай Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында тіркелген.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен минералды мақта жанған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метр болған. Жалын Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жеткенге дейін-ақ сөндірілген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

 Қазіргі уақытта өрттің нақты себептері мен мән-жайы анықталуда. Айта кету керек, бұған дейін Астанадағы LRT жобасының сынақтан өткізу кезеңі толық аяқталғаны хабарланған болатын.

 

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада 14 жастағы Нұрисламбек есімді жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс тергеліп жа...