“Зере есімді қызы бар”: “Миллион" командасының мүшесі Қанаттың үйленіп кеткені рас па?

Фото: инстаграмнан алынған/ kanat.million

ЖАҢАЛЫҚТАР
3702

Әлеуметтік желіде "Миллион" командасының мүшесі, әзілкеш Қанат Тасханның үйленгені туралы ақпарат тарады. Ал өнер иесінің өзі Revuenews бағдарламасына берген сұқбатында аталған мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қанат Тасхан Зере есімді қызы бар екені, жақында оның тұсаукесерін өткізгені туралы ақпараттың да өтірік екенін айтты.

 "Мені үйленді деп кім айтып жүр? Үйленсем, үйлендім деп айтпаймын ба? Оны жасырып не қыламын? Қайрат Нұртас емеспін ғой. TikTok қатты шулады, өзімді соншалықты танымалмын деп ойламаппын. Біздің қазақ өсекке құмар немесе мен қатты танымалмын. Мен үйленсем, бәрін шақырамын. Ал ол "Не жүріс?" деген әннің бейнебаяны, алдағы уақытта жарыққа шығады", - деді ол.

Тарап жатқан бейнежазбалар “Не жүріс?” деген әннің бейнебаянының үзіндісі екен.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...