“Ата-анасы уайымдамасын деген”: Әскерге аттанған жігіттің отбасына жазған хаты жүректі елжіретті

Коллаж: Alash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
762

Желіде тараған бір жас сарбаздың отбасы чатына қалдырған хаты жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Alash.kz сайтына сілтеп.

Әскерге кетер алдында жігіт ата-анасы жалғыз қалмасын деп, достарының байланыс нөмірлерін жазып, әрқайсысының қандай жағдайда көмектесе алатынын егжей-тегжейлі көрсетіп кеткен.

Бұл суретте жас жігіт ата-анасына достарының байланыс нөмірлерін қалдырған.

"Бахтиярдың нөмірі – үйдің маңында тұрады, ары-бері көтерісетін заттар болса айтыңдар", "Санжардың нөмірі – телефон, ноутбук, құжат, машина жөндеуді біледі", "Жанарыстың нөмірі – көлік керек болсағ алдын ала айтыңдар", "Қажымұқанның нөмірі – кез келген өтініш бойынша көмектеседі", "Оралхан – Жетісайдан, үйде бірдеңе сынып жатса, айта беріңдер, күнде жұмыста, бірақ алдын ала ескерткен жөн", – деп жазған жас жігіт өз отбасы чатында.

Бұл жазбаны Threads желісінде Айзада есімді қыз бөлісіп, бауырының әскерге кеткенін жазған.

"Бауырым әскерге аттанды. Ол ата-анамызға қарайлассын деп достарына осылай жазып қойды. Көзге жас келеді..." – деп жазды ол.