АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды,...
Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласының орталығында Қазақстан әнұранын жанкүйерлерімен бірге шырқамақ
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемдегі ең беделді сахналардың бірі — Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін ауқымды концертіне дайындалып жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл концерт залы 20 мың көрерменге арналған. Өнер көрсетілімінің алдында әнші өз жанкүйерлеріне арнаулы үндеу жолдады.
«5 қазан күні Madison Square Garden сахнасында біз бүкіл әлемге Қазақстанды танытамыз. Бұл ерекше кеште мен сіздерді менімен бірге болып, Отанымыздың Әнұранын бірге айтуға шақырамын. Мен үшін сіздер жай ғана көрермен емессіздер – сіздер Қазақстанның жақын достарысыздар. Әнұран Америка жүрегінде біздің мақтанышымыздың, халықтар достығы мен бірлігіміздің символы ретінде шырқалсын», – деп жазды Құдайберген Instagram желісінде.
Әншінің Мемлекеттік әнұранды бірге орындау туралы ұсынысы тыңдармандардың зор қолдауына ие болды – жүздеген жанкүйер жылы пікірлер қалдырып, бұл сәтті асыға күтіп жүргендерін айтты.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 5 қазанында Димаш Құдайберген Нью-Йоркте өтетін Stranger атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді.