Өскеменде екі адам жол апатынан ажал құшты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
147

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты Малдыбаев көшесінде болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен. Малдыбаев көшесі арқылы қалаға кіріп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Mersedes-Benz көлігімен соқтығысты, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Соның салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы қазасына қатысты тергеудің жаңа мәліметтері белг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионаты...