Атаулы әлеуметтік көмекті азаматтар проактивті форматта алып жатыр

Жаңалықтар
1069

Енді мемлекет қазақстандық отбасыларға құжатсыз проактивті форматта атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуды ұсынып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға SMS хабарлама eGov.kz сайтынан автоматты түрде жіберіледі. 


АӘК алушыларына әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі туралы хабарланады. Хабарлама 1414 нөмінінен SMS хабарлама түрінде жолданады. Аталмыш көмекті мемлекеттік деректер базасында қамтылған АӘК критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар алады. Бұл былай жұмыс істейді: 

  1. атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж – АӘК алушыға 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама келеді;
  2. АӘК алушы өзінің IBAN шотын көрсете отырып, сол хабарламаға жауап ретінде өзінің келісімін жібереді;
  3. жауапты алғаннан кейін eGov.kz «электрондық үкімет» порталы жәрдемақы тағайындау үшін алушы туралы мәліметтерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді. 

Хабарламаларды мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген азаматтар ғана алатынын атап өту маңызды. 

«Азаматтарға енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ, тіпті онлайн режимінде eGov.kz арқылы өтініш берудің керегі болмайды. Invisible Government тұжырымдамасы шеңберінде біз азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысу қажеттілігін барынша азайтамыз. Сонымен, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 57 мың адам мемлекеттен жәрдемақы алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама алды», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қызмет көрсету мерзімі:

15 жұмыс күні, сұрау салу берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызмет көрсету нәтижесі:

  • 1414 нөмірінен орындау мәртебесі бар ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама (оң немесе теріс). Проактивті қызмет көрсету нәтижесімен eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте танысуға болады немесе eGov Mobile қосымшасында Хабарландырулар бөлімінен көруге болады.

Сондай-ақ, АӘК алуға өтінімді eGov.kz порталы арқылы және eGov Mobile мбильді қосымшасы арқылы беруге болады. 

Проактивті қызмет көрсету Smart Data Ukimet жобасының «Отбасының цифрлық картасының» арқасында мүмкін болды, бұл 30 параметр бойынша деректерді талдау негізінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларын анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл сайынғы «Digital Almaty 2023» V Халықаралық цифрлық форумында Оңтүстік Кореяның электрондық үкіметінің операторы, Ұлттық Ақпарат қоғамының (NIA) Президенті, ірі деректер саласындағы халықаралық сарапшы Хван Чон Сон жоғары баға берді. Ол жоба жетістіктеріне таңданып, Smart Data Ukimet - әлемдегі деректермен жұмыс бойынша ең үздік мемлекеттік сервистердің бірі екендігін атап өтті.

Жаңа қызмет ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асты.

Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер:

https://www.facebook.com/nitec.kz?mibextid=LQQJ4d

https://instagram.com/nitec_kz?igshid=YTY2NzY3YTc

Қосымша ақпарат алу үшін:

Динара Мажитова 

press@nitec.kz; +7 (7172) 701665 ішкі. 6104

Мәдениет порталы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...