Президентті сынаған депуттатың мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1585

Францияда Макронды ашық сынаған депутат Оливье Марлекс өз үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Францияның Ұлттық жиналысындағы (парламенттің төменгі палатасы) оңшыл «Республикашылдар» партиясының депутаты Оливье Марлекс көз жұмды. Бұл ақпаратты AFP агенттігі прокурор Фредерик Шевальеге сілтеме жасап таратты.

8 шілде күні кешке өзінің сайлау округіне қарасты Анэт коммунасындағы (Эр және Луара департаменті, Францияның орталық бөлігінде) Оливье Марлекстің денесі өз үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, депутат өз-өзіне қол жұмсаған.

54 жастағы Оливье Марлекс бұрынғы премьер-министр Мишель Барньенің жақын серіктесі болған. Ол тәжірибелі саясаткер ретінде белгілі еді.

«Республикашылдар» партиясы оның қазасы жөніндегі ақпаратты растады.

Франция президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде Марлексті «тәжірибелі саясаткер» деп атап, оның елге деген адалдығы мен идеяларына беріктігін жоғары бағалады.

– Мен біздің келіспеушіліктерімізге қарамастан оны әрқашан құрметтедім. Өйткені бұл елімізге деген  сүйіспеншіліктің көрінісі еді, – деп жазды Макрон.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...