«Тәтті» ұрлық: Бір айда дүкеннен 600-ден астам шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам шоколад ұрлаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда ер адам дүкенге кіріп, өзін қалыпты ұстаған. Айналасын бақылап жүріп, шоколадтарды қалтасы мен сөмкесіне жасырған. Кассадан төлем жасамай шығып кетіп, арада бірнеше минут өткен соң қайта оралып, бұл әрекетін күніне бірнеше рет, яғни кей күндері 5-6 рет қайталаған.

 Бір айдың ішінде сауда орнынан барлығы 625 дана шоколад қолды болған. Сауда орнына келтірілген материалдық шығын көлемі 530 мың теңгеден асқан. Тәртіп сақшылары 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...

ӘДЕБИЕТ

Миниатюралы сүріктеу  Жазушы, драмагерлердің бірсыпырасы өткен тарихтың ең күрделі де өшкін сү...