Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астан...
Атырау облысындағы екі баланың өлімі: Пәтерді өртеді деген күдікті ұсталды
Фото: Атырау облыстық ПД
Атырау облысының Индер ауданында 25 сәуірде өрт шығып, пәтерден 10 және 7 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Пәтерді өртеген адам анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанар-жағармай құйылған контейнерді анықтады. 31 жастағы ер адам жақын маңдағы жанармай құю бекетінен жанармай сатып алыпты. Бұл бейнекамералардың көмегімен анықталды. Күдікті олардың танысы екен. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Орал қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Атырау облыстық ІІД.
AtyrauPress сайтының жазуынша, оқиға Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы туған Н. Д. және 2017 ж.т. Ж.Д. өлі денелері табылды. Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің үстінен кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалған.
«Екі немесе одан да көп адамға қатысты адамдардың өміріне қауіпті, төтенше жағдайда, кәмелетке толмаған адамға қатысты адам өлтіру бойынша іс қозғалды. Бұл әрекет үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – делінген хабарламада.