Павлодарда түзеу мекемесінің бастығы мемлекеттік құпия ақпаратты таратып сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
629

Павлодарда сот № 45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Ол лауазымын асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, колонияның бұрынғы басшысы сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін жағдай жасаған.

Сондай-ақ, ол қызметтік міндеттерін атқару кезінде құпия ақпаратты жария еткен.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ол подполковник арнаулы атағынан айырыла отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

PESTEL

АҚШ Президенті Дональд Трамп қатысқан Вашингтондағы Hilton қонақүйінде өткен жыл сайынғы медиа-кешкі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан шамамен 350 метрлік Апофис астероиды ұшып өтеді. Ол сонш...