18 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
466

Қазақстанның басым бөлігінде 17 қыркүйекте таңертең тұман түсіп, солтүстік пен батыс өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. «Қазгидромет» синоптиктері бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астанада жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +6…+8°C, күндіз +23…+25°C болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +28…+30°C-қа дейін көтеріледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Ақтөбеде жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +21…+23°C болады.

Қостанай, Көкшетау, Петропавл және Орал қалаларында жаңбыр, кей жерлерде найзағай күтіледі. Бұл өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Еліміздің оңтүстігінде күн жылы болады. Қызылорда мен Түркістанда күндіз ауа температурасы +30…+32°C-қа дейін көтеріледі. Таразда +27…+29°C шамасында болады.

Жалпы, 18 қыркүйекте солтүстік пен батыста күзгі салқын әрі жаңбырлы ауа райы байқалса, оңтүстік өңірлерде күн жылы болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласында КамАЗ жүк көлігі мен сегіз жастағы баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ве...

Шоу-бизнес

Танымал әнші әрі кино продюсер Мерік Ибрагимов отандық подкастардың бірінде әріптестеріне ренжулі ек...