Атырауда бассейнде 14 адам уланып қалды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1696

Атырауда бассейнде 14 адам уланып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жаппай уланудың себебі бассейндегі хлордан болуы мүмкін. 

Медициналық көмекке 14 адам жүгінген. 

«Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында», - делінген Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі хабарламасында. 

Ауа мен судан сынама алынды. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.