Атырауда қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылып, қамауға алынды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
795

Ішкі істер министрлігінің тексеруі барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан заңға қайшы әрекеттер жасалғаны анықталды. Ол белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешімдер ІІМ-нің заңдылықты сақтауды қатаң бақылау және қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзған кез келген тұлғаны, атқарып отырған лауазымына қарамастан, міндетті түрде жауапкершілікке тарту қағидатына сәйкес қабылданған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...