Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшты

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
843

Атырауда төбелес кезінде 23 жастағы фельдшер оққа ұшып, қайтыс болды. Ол жақында ғана үйленіп, келіншегінің аяғы ауыр болатын, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл жайында блогер Батыр әлеуметтік желіде жазды. 

«Қайғылы оқиға 17 тамызға қараған түні Атырауда болды. Оқиға досының тойында басталған. Кейін бірнеше адамның арасында топтық төбелес шыққан. Артынан достары сол күні жұмыстан шығып, үйінде демалып жатқан Азамат Асылбекұлын көмекке шақырған. Алайда жанжал басылмай, қақтығыс барысында оқ атылған. Оқ ажалға әкелді — жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болған жігіт 23 жаста, Атырау қаласының тумасы, ауруханада фельдшер болып жұмыс істеген.

Бұл төбелеске оны достары шақырған. Ол қандай достар? Ондайларды дос демейді. Бар болғаны кеше ғана үйленген 23 жастағы жігіт еді ғой», – деді блогер.

Сондай-ақ ол дәл осындай жағдайдың кесірінен Шерзат Полаттың да қаза тапқанын еске салды.

«Дәл осылай 16 жасар Шерзат Полат та қайтыс болған еді. Мәселені өзара шеше алмай, төбелеске достарын шақырып, соңында Шерзат пышақ жарақатынан қайтыс болып, төбелеске шақырған да, төбелесте болғандар да, пышақтаған да, мәселені өзі шеше алмаған бір жігіттің кесірінен сотталып кетті. Жігіттер, өз шаруаларыңды өздерің шешіңдер! Шеше алмасаңдар “толпаны шақырам” деп басқалардың басын пәлеге сүйремеңдер! Әркімнің өз отбасы, бала-шағасы, ата-анасы, бауырлары бар», - деп жазды автор.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...