1 қазан – елімізде дәстүрлі түрде Қарттар күні атап өтілетін күн, деп хабарлады MADENIPORTAL.K...
«Баласындай жігіттермен жүреді»: этнограф ауқатты әйелдер туралы өткір пікір айтты
ЖИ
Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы қоғамдағы ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өткір пікір білдірді. Ол ауқатты әрі жоғары қызметтегі кейбір әйелдердің өздерінен әлдеқайда жас жігіттермен қарым-қатынас құратыны туралы әңгімелер жиі естілетінін айтып, мұндай құбылысты сынға алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Этнографтың сөзінше, бұрын қоғамда көбіне ер адамдардың өзінен жас әйелдермен қарым-қатынасы сөз болса, қазір керісінше жағдайлар да кездеседі. Тұрар Сәттарқызы мұндай әңгімелерді әсіресе жастар мен студенттерден еститінін жеткізді.
«Ауқатты, қызметтегі үлкен әйелдер өздеріне жасы кіші жігіттерді алдырады екен. Бұрын ер азаматтар өздерінен кіші әйелдерді ұнатушы еді. Қазір оны тоқал деп жүр ғой. Тоқал емес, қазақта ұят та болса “ойнас” деген сөз бар. Өздері сондай үлкен әйелге баратын жас жігіттер бар екен. Қазақтың “сені туғанда шешең қалжа жемеп пе еді?” деген сөзі бар. Ол қазақтың жігіттеріне өте төмен әрекет. Оларды шақыратын әйелдерге де сөзім жоқ. Мұндай әңгімені көбіне жас, студент жігіттерден естимін. Бұл да қоғамның дерті, өте лас дүние. Қазақтың әйелдері қалай баласындай баламен жүреді?! Мұндайлар елге сөз айтып жүргендердің де арасында бар дейді. Өте өкінішті, жүректі ауыртатын жағдай», – деді Тұрар Сәттарқызы.
Тарихшы бұл жағдайды қоғамдағы құндылықтардың өзгеруімен байланыстыра отырып, үлкен жас айырмашылығы бар мұндай қарым-қатынастарға өзінің теріс көзқарасын білдірді.
Айта кетейік, этнограф келтірген жайттар – оның жеке пікірі мен өзі естіген әңгімелеріне негізделген. Ол нақты адамдардың есімін атамады.