Аңызға айналған альпинист қар көшкінің астында қалып көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
221

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістандағы Броуд-Пик тауында қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Пәкістанның Гилгит-Балтистан өңірінде орналасқан, биіктігі 8047 метр болатын Броуд-Пик шыңында болған.

Қар көшкінінің астында 10 адамнан тұратын бүкіл экспедиция қалып қойған. Өкінішке қарай, аман қалған ешкім жоқ.

Нирмал Пурджа 2019 жылы әлемдегі 14 сегіз мыңдық шыңның барлығын небәрі 189 күндебағындырып, әлемге танылған еді. Бұл альпинизм тарихындағы рекордтардың бірі саналады. Кейін ол К2 шыңына қыс мезгілінде алғаш көтерілген халықаралық экспедиция құрамында болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...