Атырауда баскетбол матчы кезінде 13 жастағы бала көз жұмды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2452

Атырауда баскетбол ойыны кезінде AiRom академиясының 13 жастағы тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз қайтыс болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға тікелей ойын алаңында болған. Болған жағдай туралы баскетбол академиясының өкілдері әлеуметтік желілерде хабарлады.

"Тасболат еңбекқор әрі мақсатшыл спортшы еді, жаттықтырушылар мен командадағы жолдастары арасында құрметке ие болатын", — делінген хабарламада.

Академия марқұм жасөспірімнің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қайтыс болу себептері әзірге белгісіз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...