Бейімбет Майлиннің ескерткішін қорлаған қыздың ісі сотқа жіберілді

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
160

Астанадағы Қаламгерлер аллеясында Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып суретке түскен бойжеткен ұсталып, ісі сотқа өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кеше елорда тұрғыны Қаламгерлер аллеясындағы «Үш бәйтерек» монументінің жанында демалып отырып, мүсін басына шығып алған қыздарды байқаған видеосын жарияланған еді.

Аталған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң қалалық полиция департаменті іске араласты. Тәртіп сақшылары бейнежазбадағы қыздың жеке басын анықтап, оны бірден аудандық басқармаға жеткізген.

«Әлеуметтік желілерде қыздың фотосуретке түсу барысында Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып, мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны бейнеленген видео тарады. Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, Байқоңыр ауданы Полиция басқармасына жеткізді. Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Полиция осындай әрекеттерге жол берілмейтінін және мәдениет нысандары мен тарихи мұраларға ұқыпты әрі құрметпен қарау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, заңда белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі аурухан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскерде жүріп ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан ауруханаға түсті....