Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Физули қаласындағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен таны...
Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтердің кілтін табыстады
Коллаж: әлеуметтік желі
Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Меруерт Өтекешоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қуанышты сәттің видеосын ол Instagram парақшасында жариялады.
Бейнежазбада Баян Мақсатқызы әртісті жаңа баспанасымен таныстырады. Пәтердің қабырғасына суретші Ботагөз Ақанаева салған Меруерт Өтекешованың портреті ілінген.
Жаңа пәтерді көрген халық әртісі таңданысын жасыра алмады.
«Әдемі, жайлы, сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын», – деді Меруерт Өтекешова.
Баян Мақсатқызы мұнымен шектелмей, актрисаға Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйге демалысқа жолдама да сыйлады.
«Сіз – халық әртісісіз. Сіз бәріне лайықтысыз», – деді продюсер.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын айтып, бұл уәдесін әлжеліде жариялаған болатын. Екі жарым айдан кейін ол уәдесін орындап, актрисаға жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыстады.