Қазақ эстрадасының мега-жұлдызы Қайрат Нұртас бір тыңдарманның көңілін қалдырды. Ол жанкүйері ұсынға...
Тағы екі университет лицензиясынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөз
Соңғы жылдары Қазақстанда 3 университет жұмыс істеу лицензиясынан айырылған. Биыл тағы 2 университеттің лицензиясы қайтарылып алынуы мүмкін, қазіргі таңда олардың жұмысы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz «24KZ»-ке сілтеме жасап.
Үкіметтегі брифингте БАҚ өкілдері министрден еліміздегі жоғары білім сапасын қалай бағалайтынын және соңғы жылдары қанша университет сапасыз білім бергені үшін лицензиясынан айырылғанын немесе жабылғанын сұрады. Саясат Нұрбек өзі министр болғалы қанша оқу орынының есігіне қара құлып салғанын айтты.
«Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір, соның ішінде екі университет бойынша да тексеру жұмыстары жүріп жатыр», — деді министр.
Алайда, министр нақты қайсы университеттердің лицензиядан айырылатынын атаған жоқ.
«Мен өткен брифингте де айтқанмын: нақты университетті атаңдар, бірақ біз өте жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені бұл жерде қазіргі уақытта оқып жатқан жүздеген мың студент туралы сөз болып отыр. Егер мен қазір түпкілікті шешім қабылданбай тұрып қандай да бір процестік мәліметтерді жарияласам, бұл студенттерге әсер етуі мүмкін», — деді ол.
Министр нақты қабылданған шешімнен кейін ақпарат ресми түрде жарияланатынын айтты. Еске салайық, бұған дейін министр Саясат Нұрбек, 2 жылда бакалавр дипломын беруге уәде еткен «блогерлер университеті» ұйымы қызметіне қатысты пікір білдірген еді.