Теміртауда зейнеткер әйелді көлік қағып, қаза тапты

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1240

Теміртауда 12 қаңтарда жаяу жүргіншінің қатысуымен өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, апат қаланың 8-шағынауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 жастағы Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі тұрақтан артқа қарай қозғалып шыққан кезде 73 жастағы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Жаяу жүргіншіні қағу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрақтарда маневр жасау кезінде барынша мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...