Балабақшаға кеткен 2 жастағы қыз көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
636

Өзбекстанның Қашқадария облысында қайғылы оқиға болды. Балабақша тәрбиеленушісі болған 2 жастағы қыз бірнеше сағат бойы жабық көліктің ішінде қалып қойып, көз жұмған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, балабақшаға балаларды тасымалдаған қызметкер бүлдіршіндердің түгел түскенін тексермеген. Соның салдарынан қыз бала көліктің ішінде қалып қойған. Кейін көлік жабылып, күннің ыстығында бірнеше сағат тұрған.

Қайғылы жағдай қыздың ата-анасы баласын іздей бастаған кезде анықталған. Бүлдіршін көліктің артқы орындығынан табылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, балабақша басшылығы мен жауапты қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға берілді. Сот шешімімен мекеме басшысы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...