Шымкентте қайтыс болған сарбаздың суреті жарияланды

Фото: Qaz365kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
376

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ақпаратта қайтыс болған әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінгені айтылған. Ол есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен.

"2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Осы ақпараттан кейін Qaz365kz сайты марқұмның суретін жариялады. 

"Бұл жағдай мені қатты алаңдатады. Жас сарбаздың өмірі осылайша аяқталуы – өте өкінішті. Әскери қызметке барып, елін қорғауға ант берген жастарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс. Медициналық бақылау мен емдеу сапасы сұрақ туғызады. Осындай қайғылы оқиғалар болмауы үшін, жауапты органдардың шаралары қатаңдатылуы қажет. Отбасына сабыр тілеймін, олардың ауыр зардабын бөлісетінімізді білсін", - деп жазды Лариса Юрьевна есімді желі қолданушысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған, деп хабарлай...