«Баланы аяқ киіммен ұрған»: Астанадағы балабақшада түсірілген видео жұртты шошытты

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
279

Астанадағы балабақшада балаларға күш көрсетілгені туралы видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде Астанадағы балабақшалардың бірінде түсірілген болуы мүмкін видео тарады. Жарияланым авторының айтуынша, әйелдердің бірі кішкентай баланы аяқ киіммен басынан ұрған. Сондай-ақ балаларды орындыққа байлағаны туралы мәлімет бар.

Видео Threads әлеуметтік желісінде жарияланған. Кейін жазба авторы полиция қызметкерлерінің өзімен байланысқа шыққанын хабарлаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен видеода көрсетілген жайттардың анықтығы нақтыланып жатыр. Оқиғаға қатысты ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...