Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты м...
“Балапан” телеарнасының продюсері ер баланы зорлады деген ақпарат тарады
коллаж ЖИ көмегімен жасалған
Нұрғали Нұғман есімді қазақстандық жігіт бала кезінде киноға түсіп, "Балапан" арнасындағы жобалар арқылы көрерменге танылғанын айтты. Оның сөзінше, өнер саласына қадам басуына туыстық байланыстағы ағасы ықпал еткен. Әлгі азамат сол уақытта телеарнада продюсер болып жұмыс істеген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Нұрғалидің айтуынша, түсірілім жұмыстары аяқталғаннан кейін ағасы оны әдейі алып қалып, жұмыс кабинетіне кіргізген. Сол жерде оған зорлық көрсетілгенін мәлімдеді.
Қазір Нұрғали Қытай елінде саудамен айналысады. Ол бала күнінде болған жағдайдың психологиялық тұрғыдан өте ауыр әсер еткенін, тіпті өз-өзіне қол жұмсау туралы ойларға дейін жеткізгенін жасырмады.
Жігіт бүгінде бұл оқиғаны көпшілікке ашық айтуға шешім қабылдағанын жеткізді. Әлеуметтік желілерде жұртшылық продюсердің аты-жөнін жариялап, оның қазіргі уақытта қайда жүргенін анықтауды талап етіп жатыр.
Әзірге бұл мәселеге қатысты ресми органдар немесе "Балапан" телеарнасы тарапынан ресми пікір берілген жоқ.
Аталған ақпаратты алғашқылардың бірі болып KYN.KZ ақпарат агенттігі таратқан: