«Балдақпен жүр»: қазақстандық депутат әйелін ұрып мүгедек қылды

Коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
464

Атыраулық әйел депутат күйеуінен 12 жыл бойы зәбір көргенін мәлімдеді. Бірақ күйеуі бұл ақпараттың бәрін теріске шығарды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Еске салайық, бұған дейін атыраулық әйел 12 жыл бойы күйеуі Айбар Ерекешовтан зәбір көргенін хабарлаған едік. Оның айтуынша, күйеуі жергілікті мәслихат депутаты екен.

4 баланың анасын күйеуі жылдар бойы ұрып-соққан. Әсіресе 2018, 2023 жылдары Нұржамал баласы әлі емізулі болған кезінде күйеуі бірнеше рет соққының астына алған.

 Бұрынғы әйелінің айыптауларына қатысты Айбар Ерекешов те пікір білдірді.  Оның сөзінше, экс-әйелі жалған мәлімдеме жасап, жала жауып отыр екен.

“Мен оған ешқашан қол көтерген емеспін. Қате түсінуге болатын жалғыз жағдай – мен ол үлкен қызыммен дауласқан кезінде араласқаным болды. Бірақ мен мұны дәлел ретінде қолданғым келмейді”, – деді депутат. 

Әйелі Ulysmedia.kz тілшісіне сұхбат берді. Видеода оның балдақпен жүргенін, осы жағдайға әйел күйеуін кінәлап отырғанын көреміз.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын тойлайтын жандарға жылы лебізін білдірді, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 8 наурызда сауда орталықтарының бірінде оқушылар 1 қыщға жабылып, ұрып-соққан, деп хабарлай...