Балқашта әйел адам судың жағасына шыға алмай қалған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1730

30 жастағы әйел Балқаш көлінде әлсіреп, жағаға жүзіп жете алмаған. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Оқиға Қарағанды облысының Приозерск қаласында орын алды.

"Балқаш көлінде 1995 жылы туған әйелге құтқарушылар көмек көрсетті. Ол қатты ағыс салдарынан жағаға жүзіп жете алмай қалды. Әйел ағыс алып кеткен құтқару шеңберіне жетуге тырысқанымен, су ағысына төтеп бере алмады және суда қалып қойды. Құтқарушылар оны жедел түрде судан шығарып, жағаға жеткізді", – деп хабарлады ТЖМ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...