Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Тұрақты даму және инновациялар бойынша екінші Орталық Азия форумы өтті, д...
Қазақстанның жерін Ресей-Еуразия аумағы деп көрсеткен география оқулығы көпшіліктің ашуын туғызды
Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде мектеп оқулығына қатысты дау шықты. Оған 7-сыныптың география кітабындағы дүниежүзілік карта себеп болған. Бұл туралы 31 арнаның Informburo бағдарламасына сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Желі қолданушысы картада Қазақстанның орналасқан аумағы дұрыс көрсетілмегенін айтып жазба түсірген. Еліміз неге Ресей-Еуразиялық аймаққа енгізілгенін түсінбеген азамат оқырмандарына тақырыпты талқылауды ұсынған екен. Көптің ашуын тудырған видео қызу талқыға түскен.
Ал, республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының мамандары 7-сыныпқа арналған "География" оқулығы 2017 жылдан бері қолданыста екенін айтады. "Атамұра" баспасынан шыққан кітапта КСРО-ның ыдырауы кезінде пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің географиялық орнын белгілеу үшін "Ресей-Еуразиялық аймақ" атауы қолданылыпты. Және бұл өзгеріп келе жатқан әлемнің тарихи-мәдени аудандарының сызба-картасы деп түсіндірген екен.
“2018 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталық Азияны тәуелсіз аймақ ретінде бөледі. Осыған орай, кейінгі басылымдарда көрсетілген сызбаға тиісті жаңартулар енгізілетін болады. Қазіргі уақытта кейбір деректердің, статистикалық мәліметтердің жаңартылуына байланысты аталған оқулық мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, келесі 2025-2026 оқу жылында оқулық қайта басылып шығарылады”,- делінген ҚР Оқу-Ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспасөз қызметі мәлімдемесінде.