Президент Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жүлдегерлері, олар...
Астанадағы танымал мейрамханаларда 750 келі иттің еті қолданылған (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Астанадағы кейбір танымал мейрамханаларда келушілерге ұсынылған тағамдардағы тартылған фарш құрамына ит еті қосылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы экологтар мен жануарларды қорғаушылар «Честно Говоря» подкасты барысында айтты. Олардың сөзінше, бұл дерек екі жыл бұрын сотта дәлелденген, деп хабарлады MadeniPortal.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Қоғам белсендісі Сергей Снегирев Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарына арналған ит етін жасырын дайындайтын көлеңкелі бизнес жылдар бойы жұмыс істеп келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Астанадағы бірқатар танымал франшизалар құрамына ит еті араластырылған фаршты сатып алған.
Белсендінің сөзінше, бұл іс бойынша жүргізілген бақылау сатып алу кезінде сатушы ең аз партия ретінде 100 келі ет ұсынған. Кейін оның үйінде жүргізілген тінту барысында 750 келі ит еті тәркіленгені айтылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ет басқа өнімдерге араластыру үшін дайындалған.
Сонымен қатар зообелсенді Темірлан Тоспаев Орал қаласында қаңғыбас жануарларды аулау тендерін жергілікті ет өңдеу кәсіпорны жеңіп алғанын айтты. Қала әкімдігі мұны мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарымен түсіндірген. Ресми мәліметке сәйкес, ит аулаумен айналысуға ниет білдірген жалғыз мекеме осы болған.
Подкаст қатысушылары бірнеше жыл бұрын Алматы облысы аумағында болған оқиғаны да еске алды. Ол кезде еріктілер иттерді жаппай өлтірген орынды анықтаған. Онда қаңғыбас және үй жануарлары аралас ұсталған, кейбірінің мойнында қарғыбауы да болған. Әйелдердің бірі сол жерден өз итіне ұқсас жануарды танығаны айтылды.
Снегирев сондай-ақ қаңғыбас жануарларды эвтаназиялауды белсенді түрде қолдаған депутат Еділ Жаңбыршин туралы пікір білдірді. Ол депутаттың адам өмірі иттен маңыздырақ екенін және қаңғыбас жануарлар көбінесе әйелдер мен балаларға шабуыл жасайтынын бірнеше рет айтқанын тілге тиек етті.
Белсенді депутаттың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға өзгерістер енгізу жұмысын басқаруына күмән келтіріп, оны бұл салада құзыретті емес деп есептейтінін жеткізді.