Бассейнге демалуға барған ер адам бір өлімнен қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
627

Бассейнге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жағдай Астанада болған PrimeVill демалыс кешенінде болған.

24 жастағы жігіт бассейнде жүзіп жүргенде есінен танып, суға бата бастаған. Сол жерде демалып жүрген басқа адамдар оған алғашқы көмек көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте құтқарушы да, медицина қызметкері де, тіпті алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы да болмаған. Жедел жәрдемді де демалушылар өздері шақырған. Қазір жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен жігіттің анасы әділдік орнамаса, мұндай жағдайлар басқа демалыс орындарында да қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Ал демалыс базасы қазір де жұмысын жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылы 25 қазанда Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту бойынша ауқымды экологиялық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен...