“Кешірмеймін, блогер-млогер емеспін”: Қордай полиция қызметкері журналисті кемсіте сөйлеген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2280

Руслан Өтепбай өзіне блогер-млогер деген полицияны кешірмейтінін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қордайға журналистік зерттеумен барған Руслан Өтепбай оқиғалар мен жәйттерді ашық көрсетуде. Ол қылмыстық іс қозғалса да қылмыскерлердің бостандықта жүруіне не себеп және істің анық-қанығы қандай екенін зерттеу жүргізу үшін бірінші кезекте Қордай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Алайда, ол жердегі қызметкерлердің бірі журналисті “блогер-млогер” деп шақырған. Бұл жәйтке Руслан Өтепбай бей-жәй қарамай, этиканы сақтау керек екенін және ІІМ полиция генерал-лейтенантына “қызметкерлеріңізді журналистермен сөйлесуді үйретіңіз” деп жазба қалдырған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Руслан Өтепбай редакцияға “қызын ерлі-зайыптылар зорлаған” деп көмек сұраған Айманның хаты бойынша Қордайға арнайы журналистік зерттеумен барғанын жазған болатынбыз.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда 54 жастағы әйел күйеуінің пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайды алғаш болып ерлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...