Базарда ағылшын тілінде сауда жасаған қазақ баласына шетелдіктер таңдай қақты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2031

Базарда сувенир сатып тұрған жасөспірімді түсіріп алған шетелдік туристің видеосы тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Видеода туристің қойған сұрағына қазақ баласының ағылшвнша ойланбай жауап беріп, сауда жасап жатқанын көруге болады. Ол қонаққа қандай сыйлық алған дұрыс екенін ағылшын тілінде түсіндіріп, бағаларын айтқан. Ең қызығы, сатушы бала «спасибо» деген шетелдікке қазақша «рахмет» деп жауап берген. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желі арқылы көптің сүйіспеншілігіне бөленді.

Желі қолданушылары баланың сауаттылығына, жан-жақтылығына риза болып, таң қалып та жатыр: «Жарайсың, жігіт!»,«Өз елінің патриоты!»,«Білімді жастар өсіп келеді», деп жазылған пікірлер қатары көбеюде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...