«Бедолаги»: Бас бапкер Әли Әлиев Солтүстік Македония құрамасына тіл тигізді

Фото: kff.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1181

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін сынға алды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«Кешегі матчтан кейінгі баспасөз мәслихатын көрдім. Біріншіден, толықтай дерлік орысша өтті. Жалпы ұлттық құраманың жеңістен көз ашпайтынына және баспасөз мәслихаты тек орысша өтетініне етіміз үйренген. Айтпағым, бас бапкер Әли Әлиев сөз арасында қарсылас команданы «бедолаги» дейді. Аудармасы «бейшаралар» емес пе? Жалпы нені білдірсе де Солтүстік Македонияға қарата айтылмауы қажет еді. Спорттың этикасы бар, қарсыласқа құрмет бар дегендей. Әли Әлиев өз алаңында жеңіске жете алмады. Енді соның себебі ретінде «Біз оларды алаңда тықсырдық. Ал, ол «бедолагалар» қорғанысқа жатып алды» - деп әңгімені ұрып отыр», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол оның бұған дейін де аңдамай сөйлеген сәтін еске алған.

«Ана жолы Өзбекстан құрамасына да мұрнын шүйіре қарап, ауыздан авария болып еді. Енді Солтүстік Македонияны менсінгісі келмейді. Сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек! Мықтыларды мойындау қажет және солар сияқты жұмыс жасау қажет! Бір емес, екі емес, неге күн сайын шәйіп жүрсіз?! Әлиевке аударып бере саларсыз...
», - делінген мәтінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...