Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Көлік министрлері ауысты, де...
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр
Фото: gov.kz
352
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.
Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті.