Маңғыстауда бір мектептің 11 оқушысы астан уланып ауруханаға түсті

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1232

Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылындағы мектептердің бірінің 11 оқушысы бірдей диагнозбен бір мезетте ауруханаға түскен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

1 сәуір күні кешкі уақыттан бастап 2, 3 және 5 сынып оқитын 11 бала аурухана түскен. Олар жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағымданған. Көмек көрсетілген соң олар үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр. 

Санитарлық-эпидемиологиялық инспекторлар мектеп асханасынан сынама алды. Олар тиісті санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінде Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінде 460 бала уланған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...